U-21 құрамасы Ақтөбеге жиналды (ФОТО)

Футбол
U-21 құрамасы Ақтөбеге жиналды (ФОТО)
«Қайсар» – «Ордабасы» – 1:1. Фото: fckaysar.kz
Владимир Никитенко жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы Ақтөбеге жиналды.

21 жасқа дейінгі құрама қыркүйек айында 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында екі ойын өткізеді. Әуелі, яғни 1 қыркүйек күні Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда Црна Гора жастарын қабылдайды. Матч жергілікті уақытпен 18:00-де басталады. Ал 5 қыркүйек күні Францияның Ле-Ман қаласында Франция жастар құрамасымен кездеседі.

Сондықтан кеше Никитенко құрамаға шақырған ойыншыларды Ақтөбеге жинады. Енді 1 қыркүйекке дейін алдағы ойынға тыңғылықты дайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы «Еуро-2019» додасының іріктеу турнирінде тоғызыншы топқа түскер. Алғашқы ойынын наурыз айында өткізіп, түзде Люксембург жастарын 2:1 есебімен тізе бүктірген. 

Оқу-жаттығу жиынына  шақырылған жастар құрамасы:

қақпашылар – Тимурбек Закиров («Қызыл-Жар СК»), Дмитрий Колбунцов («Жетісу»), Игорь Трофимец («Ақтөбе»); 

қорғаушылар – Дәурен Мәжитов («Атырау»), Айбол Әбікен, Ескендір Қыбырай (екеуі де – «Қайрат»), Сұлтан Әбілғазы («Оқжетпес»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Руслан Әлімбаев («Шахтер»), Айбол Жақаев («Қайсар»), Карам Сұлтанов («Қызыл-Жар СК»); 

жартылай қорғаушылар – Дидар Жалмұқан («Тобыл»), Қуаныш Қалмұратов («Атырау»),  Демият Сламбеков («Жетісу»), Бактиер Зайнутдинов («Тараз»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Юрий Перцух, Иван Антипов (екеуі де – «Ақжайық»), Александр Соколенко, Рашид Люхай (екеуі де – «Қайрат»); 

шабуылшылар – Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Еркебұлан Сейідахмет («Тараз»), Самат Сәрсенов («Қайрат»), Максим Федин («Оқжетпес»). 

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: Владимир НикитенкоҚазақстан жастар құрамасыЕркебұлан Сейдахмет

Кері қайту