Испаниядағы жас талантымыз жасөспірімдер құрамасына шақырылды

Футбол
Испаниядағы жас талантымыз жасөспірімдер құрамасына шақырылды
19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz
19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынын Талғарда бастап, Словения мен Польшада жалғастырады.

Қазақстан-U19 құрамасы 23 тамыз күні Талғардағы ұлттық құраманың базасында бас қосып, оқу-жаттығу жиынын бастайды. Ал 27 тамыз күні Словенияға жол тартады. Ол жақта 29 және 31 тамыз күндері Словения-U19 құрамасымен екі рет жолдастық кездесу өткізеді.

Бұдан кейін, яғни 1 қыркүйек күні Польшаға барып, Варшавада 5 қыркүйекке оқу-жаттығу жиынын жалғастырады. Мұнда да жолдастық кездесу өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, 4 қыркүйек күні осы елдің 19 жасқа дейінгі құрамасымен кездесіп, жаттығу жиынын түйіндейді.

Бұл жиынға Испанияда шеберлігін шыңдап жүрген Диас Қалыбаев та шақыртылыпты. Естеріңізде болар, ол мамыр айында Барселонада өткен Каталонияның жасөспірімдер лигасы біріншілігінде ерекше көзге түскен болатын.

Жалпы, үш елде өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылар тізімі төмендегідей:

қақпашылар – Владислав Сазонов («Ертіс»), Данил Устименко («Қайрат»);

қорғаушылар – Дінмұхаммед Қашкен («Астана»), Талғат Құсяпов («Астана»), Ерасыл Аманжол («Атырау»), Санжар Батырханов («Жетісу»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Айбар Нұрдалиев («Қайрат»), Әліби Тұзақбаев («Рузаевка»);

жартылай қорғаушылар – Диас Қалыбаев (Unió FB Jàbac Terrassa, Испания), Мәди Жақыпбаев («Астана»), Айдос Орал («Шахтер»), Мұхит Жақсылық («Ордабасы»), Жан-Әли Пайруз («Шахтер»), Дарын Сүйінов («Қайрат»), Сұлтан Сағынаев («Астана»), Гаврил Кан («Тараз»), Максим Ваганов («Ордабасы»);

шабуылшылар – Сұлтанбек Астанов («Қайрат»), Владислав Прокопенко («Астана»), Лев Скворцов («Астана»).

Жаттықтырушылар құрамы: 

Александр Кузнецов – аға жаттықтырушы,
Игорь Маштаков – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Ерлан Тілеуқұлов – қақпашылар жаттықтырушысы.

Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: Александр КузнецовҚазақстан құрамасыОқу-жаттығу жиыныҚазақстан U-19Диас ҚалыбаевСловения U-19Польша U-19

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку