Қазақстанға келетін «Қаратаудың» қайсар қырандары

Футбол
Қазақстанға келетін «Қаратаудың» қайсар қырандары
Црна Гора ("Қайсар қырандар") құрамасы жаттығу жұмыстары кезінде. Фото: fscg.me
Қазақстан ұлттық құрамасымен кездесетін Црна Гора құрамасы Астанаға келетін футблшыларының тізімін жариялады.

Црна Гора футбол одағының ресми сайты кеше қыркүйектің басында екі ойын өткізетін ұлттық құрамаларының сапын жариялады. Олардың арасында Қазақстан чемпионатында ойнайтын бір футболшы бар. Ол – «Тараздың» топсасы берік қорғаушысына айналған Неманья Миюшкович. Сондай-ақ Өзбекстан чемпионатынан да бір қорғаушы шақырылыпты...

Естеріңізге сала кетейік, Црна Гора құрамасы күздің алғашқы күндері 2018 әлем чемпионатының іріктеу додасы аясында екі ойын өткізеді. 1 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында Қазақстан ұлттық құрамасымен кездеседі. Ал 4 қыркүйекте өз алаңында Румыния футболшыларын қабылдайды.

Осы екі ойынға «Қайсар қырандар» (өз тілдерінде – «hrabrih sokola») құрамасының бас бапкері Любиша Тумбакович 24 футболшы шақыртыпты:

қақпашылар  Младен Божович ("Лариса", Грекия), Даниэль Петкович ("Лорьян", Франция), Милан Миятович ("Будучность");

қорғаушылар Неманья Миюшкович ("Тараз", Қазақстан), Марко Симич ("Пахтакор", Өзбекстан), Стефан Савич ("Атлетико" Мадрид, Испания), Адам Марушич ("Лацио", Италия), Филип Стойкович ("Црвена-Звезда", Сербия), Жарко Томашевич ("Остенде", Бельгия), Эльсад Зверотич ("Сьон",  Швейцария), Эмра Климента ("Сакраменто", АҚШ);

жартылай қорғаушылар – Сеад Хакшабанович ("Вест Хэм", Англия), Никола Вукчевич ("Брага", Португалия), Вукан Савичевич ("Слован Братислава", Словакия), Марко Янкович, Небойша Косович (екеуі де – "Партизан", Сербия), Мирко Иванич (БАТЭ, Беларусь), Дамир Кояшевич ("Вардар", Македония), Владимир Йовович ("Яблонец", Чехия), Марко Вешович ("Риека", Хорватия);

шабуылшылар – Стефан Йоветич ("Интер", Италия), Фатос Бечирай ("Динамо Мәскеу", Ресей), Стефан Мугоша ("Шериф", Молдова), Лука Джорджевич ("Арсенал", Ресей).

Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: Неманья МиюшковичҚазақстан құрамасыҰлттық құрама"Тараз" ФКCrna Gora – ҚаратауІріктеу ойындарыӘлем чемпионаты - 2018Црна ГораKazakhstan national football teamFIFA World Cup QualificationMontenegroCrna Gora

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку