Пайперс Эстонияда, Уткульбаев Ресейде бас бапкер болып бекітілді

Футбол
Пайперс Эстонияда, Уткульбаев Ресейде бас бапкер болып бекітілді
Арно Пайперс Эстонияға қайтып барды. Фото: fcflora.ee
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Арно Пайперс «Флора» (Таллинн) клубының тізгінін 13 жылдан кейін, қайтадан қолына алды.

Эстония клубының ресми сайты басшыларының Нидерланды маманының қайтып келгеніне дән риза екендігін жазыпты. Арно Пайперс 2000-2004 «Флора» клубын жаттықтырып, осы елдің үш дүркін чемпионы атанған болатын.

2005-2008 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған Арно Пайперс те 13 жылдан кейін Эстония клубына қайтып барғанына ырза секілді. Еңбек келісімінің мерзімі 2017 жылдың аяғына дейін екен.

Айтпақшы, осыдан бірер күн бұрын, яғни желтоқсанның аяғында Ресей маманы Юрий Уткульбаев Татарстанның «Нефтехимик» клубына бас бапкер болып бекітілді. Өздеріңіз білесіздер, бұл маман өткен маусымда «Ақтөбе» клубын жаттықтырып, Қазақстан чемпионатында 6-орынға ие болған болатын.

Пайперстен айырмашылығы, Уткульбаев жаңа командасына өз көмекшілерімен баратын көрінеді. Сондай-ақ «Ақтөбе» сапында ойнаған ресейлік ойыншылардың бір тобы да биыл «Нефтехимик» клубының жейдесін киетін сияқты.

Жалпы, қайсыбір шетелдік бапкерлер қазақ додасында тәжірибе жинақтап және шыңдалып, кейіннен тәп-тәуір жетістікке қол жеткізіп жүр. Бұл тұрғыда, бірінші ретте неміс маманы Бернд Шторкті айрықша атап өтуге болады. Ол қазір – Венгрия құрамасының бас бапкері.

Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: Арно ПайперсБернд шторкЮрий УткульбаевҚазақстан чемпионатыБас бапкерҚазақстан ұлттық құрамасы

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку