“Тобыл” да басшысы мен бас бапкерін қызметінен босатты

Футбол
“Тобыл” да басшысы мен бас бапкерін қызметінен босатты
«Тобылдың» директоры Талғат Баймұратов пен бас бапкері Омари Тетрадзе қызметтерінен босатылды. Фото: fctobol.kz
Қостанайдың «Тобылы» директоры Талғат Баймұратов пен бас бапкері Омари Тетрадзені қызметтерінен босатты.

«Тобыл» өз алаңында Қарағандының «Шахтерінен» ұтылған соң, басшысы мен бас бапкерін қызметінен босатты. Әуелі бас бапкерімен еңбек келісімін тоқттатты. Клубтың ресми сайты “Омари Тетрадзе қызметінен кетуге өзі өтініш білдірді” деп жазды.

Іле-шала клуб директоры Талғат Баймұратов та қызметінен кетті. Ол да өз еркімен кетіпті. Сонымен қатар, директордың қаржы мәселесі жөніндегі орынбасары Талғат Қосмұхамбетов пен спорттық директоры Константин Гальченко да лауазымды қызметтерінен босатылған.

Омари Тетрадзе «Тобылға» былтыр мамыр айының соңында келген. Бірақ бір жылдың ішінде Қостанай клубын түлете алмады. Биыл құрамын әжептәуір нығайтса да, жүлделі орындарға “сына қаға” алар емес. 18 ойыннан 25 ұпай жинап, бесінші орында тұр... 

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: отставкаОмари ТетрадзеҚазақстан Премьер-лигасы"Тобыл"Талғат БаймұратовKazakhstan Premier LeagueTobol Kostanay

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку