“Ақжайық” пен “Тараз” тағы да тең түсті

Футбол
“Ақжайық” пен “Тараз” тағы да тең түсті
«Ақжайық» – «Тараз» – 2:2. Фото: vk.com/fc_akzhaik
«Ақжайық» өз алаңында «Тараздан» ұтылып қала жаздап, матч соңындағы пенальтидің арқасында тең түсті.

Соңғы ойындарда «Тараздың» жастары көсіле сілтеп келеді. Өздеріне деген сенімділіктері артып, батылырақ ойнайтын болып жүр. Тәжірибесі мол Ваит Талгаев жас таланттарын қалай қайрауды біледі.

Х турда «Ақтөбемен» тең түсіп, одан кейін алты тур бойы бір ұтылып, бір ұтып келе жатқан «Тараз» ХVІІ турда да тең түсті. Яғни сегіз турда 11 ұпай алды. Ал «Ақжайық» ХІ турдан бері бес рет қатарынан ұтылған болатын.

Бір қызығы, бірінші айналымда да бұл екі команда тең түскен. Тараздағы ойын 0:0 есебімен аяқталған. Ваит Талгаев пен Вахид Масудов бір-бірінен айласын асыра алар емес. Бәлкім, үшінші айналымда біреуі жеңіске жетер...

Оралдағы ойында алаң иелері есеп ашқан. Бірақ қонақтар екі гол соғып, таразы басын өздеріне аударды. Алайда матч соңында «Ақжайық» қарқынын үдетті. Жанталасып жүріп, пенальти тебу мүмкіндігіне ие болды. Әрі осы 11-метрлік айып соққысының арқасында есепті теңестірді.

«Ақжайық» – «Тараз» – 2:2 (1:0)

Голдар: Изу Азука, 26 (1:0). Зайнутдинов, 54 (1:1). Фещук, 65 (1:2). Изу Азука, 87-пенальтиден (2:2).

Ескертулер: Фещук, 78. Шипицин, 85. Шадманов, 89.

«Ақжайық»: Котляр, Шмидт, Николич, Одибе, Сапанов (к), Коронель Ортиз (Аренас, 56), Ерсәлімов, Заречный (Тапалов, 69), Перцух (Валиуллин, 84), Дудченко, Изу Азука.

Қосалқы құрам: Төлебаев, Удалов, Антипов, Жарылғасов, Шабаев, Сапарбекұлы.

«Тараз»: Бабаханов, Әмірханов (к), Шипицин, Миюшкович, Шадманов, Горбанец, Диара, Фещук, Зайнутдинов (Байжанов, 90+3), Сейідахмет (Қожамберді, 46), Морис (Эргашев, 84).

Қосалқы құрам: Сатыбалдин, Кан, Молтусинов, Нұралы, Таубай, Қарпық.

Төрешілер: Чеховский (Астана), Конивец (Қарағанды), Калачев (Атырау).

25 маусым. Орал, П.Атоян атындағы стадион. 3000 көрермен.


Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: Ваит ТалгаевВахид МасудовҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Ақжайық""Тараз" ФКKazakhstan Premier LeagueAkzhayik OralFC TarazЖас таланттар

Кері қайту