“Атырау” “Ақтөбені” тізерлетіп, жеңісін Ораза Айт мейрамына арнады

Футбол
“Атырау” “Ақтөбені” тізерлетіп, жеңісін Ораза Айт мейрамына арнады
«Атырау» – «Ақтөбе» – 2:0. Фото: fc-aktobe.kz
«Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы Батыс дербиінде атыраулықтар ойынның соңында екі гол соғып, басым түсті.

Ойын өте тартысты өтті. Бірінші таймда «Атырау» басымдау көрінді. Алайда бірнеше мүмкіндіктерін мүлт жіберіп алды. Новица Максимович ұрымтал нүктеден айып соққысын орындап, қақпа бағанасын солқ еткізді. «Ақтөбе» алаң иелерінің шабуылдарын тойтара жүріп, қарсы шабуыл ұйымдастыруға тырысты.

Екінші таймда «Ақтөбе» қарқынын үдетті. «Атырауды» тықсыра түсті. Енді қонақтардың бірнеше рет гол соғатын мүмкіндіктері болды. Алайда алаң иелерінің бас бапкері Сергей Павлов кейбір ойыншыларын ауыстырып, өз жігіттерін жігерлендіре білді.

Осылай алаң иелері қонақтарының қарқындарын тежеп, өздері жылдамдықтарын үдете түсті. Ойын соңында қорғаушы Юре Обшивач басымен гол соғып, есеп ашты. Көп ұзамай Максимович пенальтиді мүлтіксіз орындап, есепті еселей түсті.

Матч аяқталған соң «Атыраудың» бас бапкері Сергей Павлов бұл жеңістерін Ораза Айт мейрамына арнайтындықтарын мәлімдеді. «Командадағы жігіттердің бәрі бүгін Қасиетті күн екенін біледі, сол үшін жеңіске жетуге тырысып бақты» деді өресі жоғары маман.

«Атырау» – «Ақтөбе» – 2:0 (0:0)

Голдар: Обшивач, 81. Максимович, 84-пенальтиден.

Ескертулер: Сикимич, 6. Қайыров, 44. Шимкович, 52, Жұмағали, 84, Альмейда, 86.

«Атырау»: Пасеченко, Мәжитов, Обшивач, Аблитаров, Джокич, Сикимич (Саломов, 71), Максимович, Абдрахманов, Хайруллин (к), Сергиенко (Қалмұратов, 46), Двалишвили (Сүлей, 64).

Қосалқы құрам: Нарзикулов, Нұрыбеков, Қайыраллиев, Коробов, Маров, Сапаров.

«Ақтөбе»: Сидельников (к), Қайыров, Айтбаев, Воловик (Жұмағали, 78), Барбоса, Шестаков, Нейн Еоне, Байтана (Альмейда, 65), Шимкович, Сәулет (Кәкімов, 67), Зенькович.

Қосалқы құрам: Отарбаев, Бойчук, Аслан, Розыбакиев, Тотай.

Төрешілер: Рахымбаев (Алматы), Жаспенов (Алматы), Богданов (Семей).

25 маусым. Атырау, «Мұнайшы» стадионы. 4000 көрермен.


Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: Сергей ПавловЮре ОбшивачНовица МаксимовичҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Ақтөбе""Атырау" ФКKazakhstan Premier LeagueFC AtyrauFC AktobeОраза Айт

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку