“Ертістің” бағы жанып, “Қайсардан” басым түсті

Футбол
“Ертістің” бағы жанып, “Қайсардан” басым түсті
«Ертіс» – «Қайсар» – 1:0. Фото: fcirtysh.kz
«Ертіс» өз алаңында «Қайсарды» қабылдап, әупіріммен жеңді. Ең бастысы, үш ұпай олжалап, «Ордабасы» клубына жақындай түсті.

Бірінші айналымда екеуі Қызылордада тең түскен (1:1). Бүгінгі ойын да терезесі тең дәрежеде өтті. Бірақ «Ертістің» бағы жанып, пенальтиден гол соғудың сәті түсті. Әрі жеңісті есепті уысынан шығармай, үш ұпайға ие болды.

Бірінші таймда екі команда бір-біріне есе жіберген жоқ. Қызықтың бәрі ойынның екінші жартысында басталды. 57-минутта «Ертіс» допты ойынға бұрашытан қосқан. Қақпа алдындағы қарбаласта Володимир Аржанов Беко Фофанамен қоса құлады...

Төреші пенальти берді. Стефан Живкович мұндайды мүлт жіберсін бе?! Допты қақпа торында тулатып, есеп ашты. Жалпы, осы голға дейін «Ертістің» шабуылдары қауіптірек болған. Доп бір рет қақпа бағанынан, екіншісінде маңдайшасынан қайтқан...

Бұл аз болғандай, 60-минутта Валерий Коробкин екінші рет ескерту алып, алаңнан қуылды. «Болды, енді бәрі түсінікті» дестік іштей. Енді ше, «Ертіс» артық құрамда басымдық танытса керек еді. Бірақ олай болмады.

Бәрі де керісінше болды. «Қайсар» қарқынын үдетіп, шабуылды күшейтті. Алаң иелерін тықсыра түсті. Бірақ гол соғудың сәті түспей қойды. «Ертіс» тек төрешінің ысқырығын күтіп, ойынның тезірек аяқталуын тілеп жүргендей болды...

«Ертіс» – «Қайсар» – 1:0 (0:0)

Гол: Живкович, 57-пенальтиден.

Ескертулер: Живкович, 16. Евстигнеев, 19. Коробкин, 23. Байжанов, 25. Әмірсейітов, 51. Аржанов, 54.

Алаңнан қуылды: Коробкин, 60 (екінші ескерту).

«Ертіс»: Лория (к), Живкович, Маслач, Дәуітов, Кислицын, Родриго, Гетериев (Алиев, 87), Дарабаев (Шабалин, 61), Джа Джедже (Фофана, 46), Фонсека, Бугаев.

Қосалқы құрам: Калмыков, Жұмасқалиев, Чернышов, Калинин, Есімов, Воротников,

«Қайсар»: Григоренко, Әмірсейітов, Граф, Ламанж, Евстигнеев (Жақаев, 77), Коробкин, Камара, Курьор, Байжанов (к), Аржанов, Алтынбеков (Көкеев, 66).

Қосалқы құрам: Исламқұлов, Горячий, Мулдаров, Сақалбаев, Чуреев, Омаров.

Төрешілер: Тевяшов (Орал), Ходин (Атырау), Панин (Қостанай).

24 маусым. Павлодар, «Орталық» стадион. 2 800 көрермен

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: Стефан ЖивковичҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыПенальти"Ертіс""Қайсар"Kazakhstan Premier LeagueKaisar KyzylordaIrtysh Pavlodar

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку