Қазақстан ұлттық құрамасы жастарымызды жеңді

Футбол
Қазақстан ұлттық құрамасы жастарымызды жеңді
Еліміздің Ұлттыж және Жастар құрамалары жолдастық кездесу өткізді. Фото: kff.kz
Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы еліміздің жастар арасындағы құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4:2 есебімен ұтты.

Қазақстан ұлттық құрамасы 10 маусым күні 2018 әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Алматыда өтетін кезекті кездесуіне дайындалып жатыр. Оқу-жаттығу жиыны барысында бүгін еліміздің жастар арасындағы құрамасымен (U-21) жолдастық кездесу өткізді.

Қазақстан футбол федерациясы ресми сайтының мәлімдеуінше, Талғарда өткен матчта Александра Бородюк жаттықтыратын ұлттық құрамамыз екі құраммен өнер көрсетіп, Владимир Никитенконың шәкірттерінен басым түсіпті. Бұл ойында екі құрама да ойыншыларының барлығын дерлік алаңға шығарып, тексеріп көрген.

Ал біздің алдағы ойындағы қарсыласымыз, яғни Дания құрамасы кеше түнде Германия футболшыларымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы дат футболшыларын 10 маусым күні Алматыда қабылдайды. Матч 22:00-де басталады.

Қазақстан ұлттық құрамасы – Қазақстан-U21 – 4:2

Голдар: Нұрғалиев, Исламхан, Мұжықова, Нөсербаев – Өміртаев, Соколенко (пенальтиден).

Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: Владимир НикитенкоАлександр БородюкҚазақстан құрамасыҰлттық құрамаЖастар құрамасыжолдастық кездесуKazakhstan national football team

Кері қайту