“Ертіс” “Оқжетпестің” қақпасына доп жеткізе алмады

Футбол
“Ертіс” “Оқжетпестің” қақпасына доп жеткізе алмады
«Ертіс» – «Оқжетпес» – 0:0. Фото: fcirtysh.kz
«Ертіс» өз алаңында тағы да екі ұпай жоғалтты. Бұл жолы «Оқжетпестің» қақапасының “құлыпын” аша алмады.

«Ертіс» өз алаңынан гөрі түзде жақсы ойнайды. Мұны ХV турда да “дәлелдеп”, екі ұпайдан қағылды. Бас бапкері мен басшылары ауысып, құрамына да өзгеріс енгізуге көшкен команданың қақпасын гол соға алмай, пұшайман болды.

Негізі, «Оқжетпес» Қазақстан премьер-лигасында өз қақпасына көп гол жіберіп алған командалардың бірі еді (13 ойында – 24 доп). Бірақ Павлодарда олар «Ертістің» үш ұпай еншілеулеріне еш мүмкіндік берген жоқ. Бұл көпшілік күтпеген нәтиже болды.

«Муханов кеткен соң Көкше клубы ойнаудан қалады» деп ойлайтындар қателесетін сияқты. Виктор Пасулько қарамағындағы футболшыларды қайрап, ерке Ертіс жағасынан бір ұпай олжалап, алғашқы жетістігіне қол жеткізді.  

«Ертіс» – «Оқжетпес» – 0:0

Ескертулер: Недашковский, 62. Живкович, 87. Стаменкович, 90+4.

«Ертіс: Лория (к), Живкович, Ткачук, Двали, Воротников (Есімов, 87), Родриго, Гетериев (Жұмасқалиев 78), Дарабаев, Шабалин, Фонсека, Фофана (Бандо Нганбе, 76).

Қосалқы құрам: Калмыков, Джа Джедже, Попов, Чернышов, Кислицын, Алиев.

«Оқжетпес»: Стаменкович (к), Недашковский, Марочкин, Волков, Куксин, Федин (Сламбеков, 90+1), Юрин, Хорват, Досмағамбетов, Струков (Козлов, 82), Шафф (Дайыров, 87).

Қосалқы құрам: Голубничий, Аяғанов, Нұрғалиев, Цой, Кейлер, Әбілғазы.

Төрешілер: Чеховский, Попов (екеуі де – Астана), Филоненко (Тараз).

03 маусым. Павлодар, «Орталық» стадион. 3200 көрермен.


Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: Виктор ПасулькоСаша СтаменковичҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Оқжетпес""Ертіс"Kazakhstan Premier LeagueOkzhetpes KokshetauIrtysh Pavlodar

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку