“Астана” бар “ашуын” “Атыраудан” алды

Футбол
“Астана” бар “ашуын” “Атыраудан” алды
«Астана» – «Атырау» – 4:0. Фото: fca.kz
«Астана» ХV турда «Атырауды» өз алаңында қабылдап, тізе бүктірді. Төрт гол соғып, көшбасындағы орнын қысқа үзіліс біткенше сақтап қалды.

ФИФА-ның ресми ойындары өтетін күндерге байланысты, енді 14 маусымға дейін Қазақстан премьер-лигасында – қысқа үзіліс. «Астана» бүгін жеңіске жетіп, көшбасшылық мәртебесіне “шаң” жуытқан жоқ. Кемі 11 күн 1-орында тұрады.

Иә, Алатау бөктерінде «Қайраттан» оңбай ұтылып қалғаны кездейсоқ нәтиже сияқты. Оның себептері көп, әрине... Бүгін «Астана» Алматыдағы жеңілісін ұмытып кеткендей сыңай танытты. Ол ойын өтті. Енді тек алға ұмтыла беру қажет. Қалған ойындарында сүрінбеу керек...

Соңғы айдан астам уақыттың ішінде жеті ойын өткізіп, төрт рет жеңіске жетіп, екі рет тең түсіп, тек бір-ақ рет жеңілістің кермек дәмін татқан «Атырау» бүгін ел чемпионынан да ұтылып қалды. Алатау бөктерінен “ызалы” оралған «Астананың» қарқынына төтеп бере алмады.

«Астана» – «Атырау» – 4:0 (1:0)

Голдар: Кабананга, 22. Граховац, 62-пенальти. Твумаси, 66. Кабананга, 73.

Ескертулер: Хайруллин, 41. Сүлей, 79. Сапаров, 87.

«Астана»: Мокин, Шитов, Аничич, Постников, Шомко (к), Бейсебеков, Граховац, Мұжықов (Жалмұқан, 76), Ллуллаку (Твумаси, 63), Муртазаев (Логвиненко, 71), Кабананга.

Қосалқы құрам: Эрич, Жақыпбаев, Наджарян, Прокопенко, Сагынаев, Жүнісов.

«Атырау»: Пасеченко, Мәжитов, Лобжанидзе (Сүлей, 46), Обшивач, Әбдірахманов (Коробов, 70), Сапаров, Максимович, Қалмұратов, Ли (Джокич, 20), Хайруллин (к), Двалишвили.

Қосалқы құрам: Қалменов, Саломов, Жагоров, Эсатов, Қайыраллиев, Маров.

Төрешілер: Бобров (Қарағанды), Бельский (Тараз), Попов (Өскемен)

03 маусым. Астана, «Астана Арена» стадионы. 4500 көрермен.


Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: Джуниор КабанангаФИФАFC AstanaҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Астана" ФК"Атырау" ФКKazakhstan Premier LeagueJunior KabanangaFC Atyrau

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку