“Тобыл” Грузия құрамасының ойыншысымен толықты

Футбол
“Тобыл” Грузия құрамасының ойыншысымен толықты
Грузия құрамасының жартылай қорғаушысы – Ника Квеквескири. Фото: fctobol.kz
Грузия құрамасының жартылай қорғаушысы Ника Квеквескири енді Қостанай клубының намысын қорғайды.

Төрт күннен кейін 25-ке толатын, грузин Ника Квеквескири Қостанай клубымен 1,5 (бір жарым) жылға келісімшартқа отырыпты. Ол «Тобыл» сапында 21 нөмірмен ойнайтын болады. Қазақстан чемпионатына Әзірбайжаннан келіп отыр.   

Квеквескири 1992 жылы 29 мамырда Зугдиди қаласында өмірге келген. Жергілікті «Баия» футбол мектебінің түлегі. 2009-2010 жылдары осы команданың сапында ойнаған. 2011 жылдан бастап Грузия чемпионы «Динамо» (Тбилиси) сапында өнер көрсетті.

Әйгілі клубтың қосалқы құрамы мен фарм-клубында да ойнауына тура келген. «Цхинвали» және «Дила» командаларының да жейдесін киген. Ал Әзірбайжанға 2015 жылы ойысыпты. Әуелі «Интер» сапында ойнады, былтырдан бері «Габала» клубының намысын қорғап келді.

Грузияның жасөспірімдер (U-19) және жастар (U-21) құрамалары сапында ойнаған. 2015 жылдан бері Грузия ұлттық құрамасы сапында өз елінің намысын қорғап жүр. Енді «Тобыл» клубы сапында қазақ додасының көрігін қыздырады. 

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: Қазақстан Премьер-лигасыТрансфер"Тобыл"Грузия құрамасыKazakhstan Premier LeagueTobol KostanayTransfersНика Квеквескири

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку