Таңат Нөсербаев “Астана” клубынан кетіп барады...

Футбол
Таңат Нөсербаев “Астана” клубынан кетіп барады...
Нөсербаев "Астанадан" кетіп барады... Фото: fca.kz
«Астана» футбол клубының капитаны Таңат Нөсербаев еркін агент ретінде елорда клубынан кетіп барады...

Соңғы алты жылда «Астана» сапында ойнақ салған Таңат Нөсербаевты елорда клубы келісімшартының мерзімі әлі аяқталмаса да, еркін агент ретінде босатқан. 29 жастағы шабуылшы енді басқа клубтың намысын қорғайды.

Бұл ретте, шабуылшының осы клубқа сіңірген еңбегі мен үлесі ескерілген көрінеді. Ал Нөсербаевтың «Астанадан» кету себебін клубтың ресми сайты “футболшы отбасымен бірге оңтүстікке қарай ойысқысы келеді” деп түсіндіреді.

Таңат «Астана» клубының аяғына тұруына, азулы команда болып қалыптасуына орасан зор еңбек сіңірді. Оның команда капитаны және лидері ретіндегі рөлін айрықша атап өтуге тиіспіз. Оның отбасымен оңтүстікке қарай ойысқысы келген ниетін ескере отырып, біз оны босату туралы шешім қабылдадық. Айтар алғысымыз шексіз. Спорттық карьерасының одан әрі сәтті жалғасуына шын жүректен тілектеспіз. Қашанда, Таңат біздің құрметті қонағымыз болады. Өйткені, Нөсербаев – біздің клубымыздың тарихындағы ең көрнекті ойыншыларының бірі, – депті «Астана» клубының Бас менджері Саян Хамитжанов.

Таңат Нөсербаевтың «Астана» сапындағы жетістіктері:

Үш дүркін Қазақстан чемпионы – 2014, 2015, 2016 жж.

Екі дүркін Қазақстан кубогының жеңімпазы – 2011 және 2016

Екі дүркін Қазақстан суперкубогының иегері – 2011 және 2015

«Астана» тарихында ең көп гол соққан ойыншы – 54 доп

«Астана» сапында өткізген ойындары – 195 матч (екінші нәтиже)

«Астана» сапында 6 жыл ойнап, Қазақстан чемпионаты мен кубок додасы аясында 171 ойын өткізіп, 51 гол соқты, 24 рет нәтижелі пас берді.

Еурокубок додаларында 24 ойын өткізіп, 3 гол соқты. «Астана» сапында Чемпиондар лигасында да, Еуропа лигасында да ойнады. 

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы – 25 ойын өткізіп, 2 гол соқты.

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: Саян ХамитжановҚазақстан чемпионатыЧемпиондар лигасыТаңат НөсербаевЕуропа лигасыҚазақстан ұлттық құрамасы"Астана" ФК

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку