Жуков “Қайратқа” 1 000 000 еуроға түскен бе?

Футбол
Жуков “Қайратқа” 1 000 000 еуроға түскен бе?
Георгий Жуков енді "Ебургте" доп теппейді... Фото: fc-ural.ru
Ресей басылымдарына сенсек, Алматының «Қайраты» Георгий Жуков үшін Екатеринбургтің «Уралына» бір миллион еуро төлеген...

Бүгін sportsdaily.ru сайты «Алматының “Қайраты” Георгий Жуковтің трансфері үшін Екатеринбургтің “Уралына” бір миллион еуроға жуық қаржы төледі», – деген ақпарат таратты.

Әрі ресейліктер «Жуковтің Екатеринбургке клубына келгенде, “мақсатым – Ресей құрамасына ілігу” деген, енді Алматыға барып, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойнайтын болып шарттасқан», – деп таңданыстарын да жасырмай, жайып салған...

Ал «Қайрат» футбол клубы бүгін Георгий Жуковпен үш жылдық келісімшартқа отырғандарын ресми түрде жариялады. Бірақ трансфер сомасы және оның жалақысы жайлы ешқандай деректер көлденең тартылған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Жуков «Қайратқа» Ресейдің «Урал» клубынан келді. Ресей командасында ол небәрі төрт ойында алаңға шығып, шамамен 128 минут қана ойнаған. Осыдан кейін әлеуметтік желілер арқылы өзінің бұған наразы екендігін білдіріп, ақыры команданың негізгі құрамынан тыс қалды.

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: Георгий ЖуковҚазақстан Премьер-лигасыТрансферҚазақстан чемпионатыеуро"Урал" (Екатеринбург)"Қайрат". Миллион

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку