“Қайраттың” бас директоры Ресей сайтына сұхбат бермеген!

Футбол
“Қайраттың” бас директоры Ресей сайтына сұхбат бермеген!
Фото: fckairat.com
Бүгін «Қайрат» футбол клубының ресми сайты клубтың бас директоры Мәлік Күшәлиев Аршавиннің жүлдесі жайлы Ресей сайтына ешқандай да сұхбат бермегендігін мәлімдеді.

«Қайрат» ФК бас директоры Мәлік Күшәлиев “life.ru сайтының журналистеріне сұхбат бермеген”, – деп жазады Алматы клубының ресми сайты. Әрі қарай бұл мәлімдеменің жалғасы төмендегідей мәтінде баяндалған:

26 қарашада life.ru сайтында «Кайрат» не будет наказывать Аршавина за выброшенную медаль финалиста кубка» деген тақырыппен материал жариялаған, мұнда «Қайрат» ФК бас директоры Мәлік Күшәлиевтің сөзі келтірілген екен.

Бірақ, негізі, ресейлік сайттың өкілдері бас директормен байланысқан жоқ, өз кезегінде, ол да ешкімге ешқандай сұхбат бермеген. Біз журналистік этиканы бұзып, сұхбат алмай-ақ, мұндай пікірді жазуға тыйым саламыз. 

Олай болмаған жағдайда, бізге сотқа баруға тура келеді. Біздің пікірімізше, life.ru өзіне назар аудару үшін өте төмен және арзан тәселдерге барды. Клуб жалған ақпараттарды таратқандарды жауапқа тарта алады.

Айта кетейік, «Қайрат» ФК өкілдерімен байланысқа шығу үшін баспасөз өкілдеріне алдымен клубтың баспасөз-қызметімен келісуі қажет, алайда Мәлік Күшәлиевтен сұхбат алу үшін life.ru редактортары не журналистерінен ешкім байланыспады.

Ресейдің life.ru сайтында жарияланған мақала жайлы қысқа ақпаратпен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Авторы: Әзиз ЖҰМАДІЛ

Тегтер: Андрей Аршавин"Қайрат"Қазақстан кубогыМәлік КүшәлиевСұхбатРесей сайтыБас директорКүміс жүлде

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку