Қазақстан футбол федерациясы – Қожағапанов отставкаға кетті

Футбол
Қазақстан футбол федерациясы – Қожағапанов отставкаға кетті
Ерлан Қожағапанов отставкаға кетті... Фото: kff.kz
Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің мәжілісі өтіп, аталмыш ұйымның президенті Ерлан Қожағапановтың өз еркімен отставкаға кетуі қабыл алынды.

Бүгін, яғни 28 қазан күні ҚФФ Атқару комитетінің отырысы өтіп, онда отандық федерация президенті Ерлан Қожағапановтың өз еркімен отставкаға кетуі қабыл алынып, бұл мәселені Кезектен тыс сайлау конференциясына бекітуге берді.

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты бүгін «Кезектен тыс сайлау конференциясы 28 қараша күні, Астанада өтеді» деп мәлімдеді. Аталмыш конференцияда жаңа президент сайлануы керек. Ендеше, бір айдан кейін анық-қанығын білетін боламыз...

Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: отставкаЕрлан ҚожағапановҚазақстан футбол федерациясыПрезидент

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку