ҚФФ мен КФЛ – ресми сайттар арқылы “айтыс” басталды

Футбол
ҚФФ мен КФЛ – ресми сайттар арқылы “айтыс” басталды
Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Кәсіпқой футбол лигасы арасында түсінбеушілік туындап отырғандай...

Бүгін ҚФФ өзінің ресми сайтында ұлттық құрамамыздың Қытай футболшыларымен кездесетіндігін жариялаған. Іле-шала ҚР Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында төмендегідей мәтінде арнайы мәлімдеме жарық көрді:

Қазақстан КФЛ-сына ҚФФ президенті қол қойылған ресми хат келді. Аталған ресми хатта Қытай және Қазақстан ұлттық құрамалары арасында өтетін жолдастық кездесуге байланысты ел чемпионатының күнтізбесіне 3 және 8 маусым аралығында өзгерістер еңгізу керектігі жөнінде өтініш жазылған.

Бұл Қазақстан клубтарының мүдделеріне әсер ететін мәселе болғандықтан, Лига басшылығының өз бетінше (бір жақты) шешім қабылдауға құқы жоқ. Сондықтан бұл мәселе Қазақстан КФЛ-сы мүшелерінің жалпы жиналысында қаралатын болады.

Бұған дейін премьер-лига күнтізбесіне ешқандай өзгерістер еңгізілген емес.

Қазақстан КФЛ-сы ұлттық құрама мүддесін ескеру керектігін жақсы түсінеді, бірақ сапында ел намысын қорғайтын футболшыларымыз ойнайтын клубтардың мүдделеріне де шек қоюға болмайтынын ескереді. Негізі, ойындар күнтізбесіне өзгертулер енгізу секілді маңызды мәселелер алдын-ала келісілуі тиіс.

Футбол клубтары да өздерінің дайындық жұмыстарын жоспарлап отырады. Оның үстіне, 30 маусым күні біздің үш клубымыз Еуропа Лигасының 2016/2017 жылдар маусымындағы електік додасында алғашқы ойындарын өткізеді. Ал 7 маусым Еуропадағы ұлттық құрамалардың жолдастық кездесулер өткізетін, FIFA бекіткен ресми күні емес. Сондықтан Қазақстан чемпионатының күнтізбесі түзілгенде 7 маусым ұлттық құраманың жолдастық кездесу өткізетін күні ретінде ескерілмеген.

Соңғы шешім Қазақстан КФЛ-сы мүшелерінің 18 мамыр күні өтетін Жалпы жиналысында қабылданады.

Сонда қалай? Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Кәсіпқой футбол лигасы ортақ тіл таба алмай отыр ма? Қайсысы алдын-ала ескертпеген? Қайсысы көнгісі жоқ? Әлде «Қытай барлық шығынды мойнына алып, жолдастық кездесу өткізсек болды» деген “қуаныш” күнтізбе жайлы ойлауға да мұрша бермеген бе?! 

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: Ұлттық құрамаПремьер-лигаКүнтізбеҚазақстан футбол федерациясыКәсіпқой футбол лигасыFIFAЕуропа лигасы

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку